28 қазан 2018 17:20

Ақтауда полицейлер қымбат көлікпен жол ережесін бұзған жастарды ұстады

Видеодан алынған кадр

Полицейлер Ақтауда жол тәртібі мен жүру ережесін бұзған үш жас жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Ақтауда жол тәртібі мен жүру ережесін бұзған үш жас жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл оқиғаны Ақтау тұрғыны бейнетіркеушіге жазып алған. Кадрларда бірнеше қымбат седан мен жол талғамайтын көліктер авариялық дабылдарын қосып, "жыланша" жүріп, қарсы қозғалыс жолағына шыққанын көруге болады. Көліктің терезелерінен жас жігіттер бастарын шығарып, мұның барлығын телефондарына түсіріп, айғайлап, ысқырған. 

Реклама
Реклама

"Бұл дерек бойынша, 1996 және 1997 жылғы үш жас жігіттер ұсталды. Олар Mercedes-Benz маркалы екі автокөлікті және Lexus GS 250 маркалы автокөлігін басқарған. Барлығы сау күйде, яғни алкоголь сусынын ішпеген", - деді Маңғыстау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, Lexus маркалы автокөлігі нөмірсіз жүрді. 

"Ер адамдарға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің төрт бабы бойынша іс қозғалды. 601-баптың 1-бөлігі және 590-баптың 7-2-бөлігі, 593-баптың 1-бөлігі бойынша, сондай-ақ 596-баптың  3-бөлігі бойынша іс қозғалды", - делінген хабарламада. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram