11 желтоқсан 2022 | 15:24

Ақтауда тұрғындардан жұмысқа тұрғызамын деп ақша алған алаяқ ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтауда тұрғындардан мұнай компаниясына "жұмысқа орналастырамын" деп ақша алған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда тұрғындардан мұнай компаниясына "жұмысқа орналастырамын" деп ақша алған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облыстық сотында адамдарды мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, ақша алған ер адамға үкім шықты. Сотта күдікті ер адам 2019-2021 жылдар аралығында осындай жолмен бірнеше адамды алдағаны анықталды.

Сот оны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

Реклама
Реклама

"Сотталушы кәмелетке толмаған балаларының бар екенін айтып, сот үкімін орындауды кейінге қалдыруды, ал оның қорғаушысы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады", - делінген хабарламада.

Апелляциялық алқа жазаны әділ және дұрыс деп тапты. Сондықтан үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная