26 мамыр 2023 09:16

Ақтауда уақытша ұстау изоляторына ұялы телефон мен SIM-карта өткізбек болған әйел ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтауда уақытша ұстау изоляторына ұялы телефон мен SIM-карта өткізбен болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда уақытша ұстау изоляторына ұялы телефон мен SIM-карта өткізбен болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ол тергеу изоляторында жатқан күйеуімен кездеспекші болған. Бірақ рентген құрылғымен тексеру кезінде оның денесінде бөгде заттың бары анықталып, кейін әйелді зерттеу бөлмесіне жіберген.

Реклама
Реклама

Бірақ зерттеу бөлмесінде тексерушілер әйел денесінен ештеңе таба алмайды. Артынша бейнебақылау камерасын тексерген кезде қоғамдық қорғаушының оқыс әрекеті байқалған.

Яғни ол тексерушілер кіргенше телефон мен SIM-картаны интимдік жеріне тыққаны анықталып отыр.

Қоғамдық қорғаушыға қатысты әкімшілік кодекстің 481-бабы (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру) бойынша хаттамасы толтырылды. Әрі іс материалдары Ақтау қаласының әкімшілік мамандандырылған сотына жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram