ПОДЕЛИТЬСЯ
03 мамыр 2023 | 12:19
Ақтаудағы үш баланың өлімі: күдікті Сириядан оралған - БАҚ
Үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген Ақтаудың 36 жастағы тұрғыны Жәнібек Есеновтің "Жусан" операциясымен Сириядан келгені белгілі болды. Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген Ақтаудың 36 жастағы тұрғыны Жәнібек Есеновтің "Жусан" операциясымен Сириядан келгені белгілі болды. Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Күдікті "Жусан" операциямен елге келген, деструктив діни ағым бойынша есепте тұрған", - деді тәртіп сақшылары журналистерге.
Есеновтың бұрынғы әйелінің туыстары оның дәстүрлі емес діни ағымның мүшесі екенін айтса, көршілері Есеновтың бұрынғы әйелі хиджаб кигенін, пәтерден сирек шығатынын, ешкіммен араласпайтынын айтқан.
Қайтыс болған балалардың анасы, күдіктінің бұрынғы әйелі Айдана телефон арқылы журналистерге қысқаша пікір білдірген.
"Айта берсін, мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Намаз оқимын, рас. Вахабист дейді, маған бәрібір. Сөйлей берсін, ешкімнің аузына қақпақ болмаймын. Өз-өзіме жауап беремін. Балалар Аллаға қайтты. Сол адамның себебімен Аллаға қайтты. Болды", - деген әйел бағдарламаға.
Журналистер Айдананың анасымен де тілдесіп үлгерген. Ол Жәнібек Есеновтің Ақтауда және Атырауда пәтер жалдап тұрғанын айтты.
"Әрине, қызымды өлтіріп кетпесін деп алып кеттім. Қызымды балалардан бұрын өлтірмек болды. Балалар қайтыс болды, қызым жалғыз қалды", - дейді әйел.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также