13 шілде 2022 | 13:20

Ақтөбе әкімі қызметін 1,5 миллион долларға ұсынған - ҰҚК

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе қаласының әкімі қызметі 1,5 миллион долларға ұсынылған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері деректі фильмде айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе қаласының әкімі қызметі 1,5 миллион долларға ұсынылған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері деректі фильмде айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адамдар ештеңеден қорықпай, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде танысқан. Өзін таныстыра отырып, олар саяси лауазымдарға тағайындау үшін ақша талап етеді. Мысалы, биыл Ақтөбе қаласының әкімі қызметін бір жарым миллион долларға ұсынған. Олар 30 миллион теңге көлемінде аванс беру кезінде ұсталды", - делінген фильмде.

Бүгін, 13 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 30 жыл толды. Президенттің телерадиокешені ҰҚК қызметіне арналған жаңа деректі фильмді ұсынды.

Реклама
Реклама

Фильм кейіпкерлері - Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің қызметкерлері, қызмет ету ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Фильмде ең алдымен, мемлекет қауіпсіздігіне төнген қатердің алдын алуға бағытталған ҰҚК жұмысына ерекше көңіл бөлінген. Жаһандық күн тәртібі жағдайында арнайы қызметтердің жұмыс формалары мен әдістері өзгеріп жатыр. Бірақ мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның бірлігі мен тұрақтылығы, азаматтардың әл-ауқаты қашанда басым болып келген және солай болып қала береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная