Ақтөбе облысында 19 ақбөкен өлтірілген

viewings icon
1308
comments icon
0

Қазанның 5-31 аралығында Ақтөбе облысының аумағында браконьерлер 19 ақбөкенді атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазанның 5-31 аралығында Ақтөбе облысының аумағында браконьерлер 19 ақбөкенді атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы аралықта табиғатты күзету заңнамасын бұзу бойынша 206 дерек тіркелген. 192 дерек бойынша жалпы ұүны 1 070 600 теңге айыппұл салынды. 

Реклама
Реклама

"Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу - 75 жағдай, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу - 85, өсімдіктер дүниесін пайдалану талаптарын бұзу - екі жағдай анықталды. Аңшылық қаруды тасымалдау ережелерін бұзу - 23, табиғат қорғау заңнамасын өзге де бұзушылықтар - 21 жағдай.

Аталған кезеңде төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның екеуі - ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы ("Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау"), екеуі - ҚР ҚК 337 - бабы "Заңсыз аң аулау", - деді полицейлер. 

  

Сондай-ақ, 19 киіктің денесі, екі дана киік мүйізі, қоян денесі, екі резеңке қайық, төрт көлік құралы, 1191 келі заңсыз ауланған балық, 1100 метр пайдалануға тыйым салынған балық аулау торы, 38 дана құқық бұзушылық жасау құралы, оның ішінде бес дана тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы және бес оқ табылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная