08 ақпан 2023 11:16

Ақтөбе облысында адамдарды "қарулы жиһадқа" шақырған тұрғын сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбе облысында адамдарды "қарулы жиһадқа" шақырған тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында адамдарды "қарулы жиһадқа" шақырған тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура интернетте радикалды идеялардың таралуынан туындайтын үлкен қауіп барын атап өтті. Министрлік 2017 жылдан бері елімізде "Киберқадағалау" жобасы жұмыс істеп жатқанын, соның нәтижесінде діни экстремизм мен терроризм белгілері бар 900 мыңнан астам интернет-сілтемелерге тыйым салынғанын атап өтті.

Мәселен, 2022 жылдың соңында Бас прокуратура халықаралық террористік ұйымға қатысы бар жалған уағызшының YouTube бейнеконтентінің (шамамен 3000 жазылушысы және 5000 қаралымы) веб-сілтемесін бұғаттады.

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша Бас прокуратураның келісуімен ҰҚК департаменті Telegram мессенджері арқылы "қарулы" жиһад материалдарын таратқан Б-ға қатысты қылмыстық іс қозғады. Сот үкімімен аталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қылмыстық кодекстің 256-бабы (терроризмді насихаттау) бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram