Ақтөбе облысында арақ-шарап шығаратын жасырын цех анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ақтөбе облысында алкоголь өнімдерін жасау және сатумен айналысқан астыртын цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында алкоголь өнімдерін жасау және сатумен айналысқан астыртын цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімдерін жасау және сатумен айналысқан астыртын цех жұмысын анықтады. Күдікті өз үйінде әртүрлі атаудағы алкоголь өнімдерін өндіруді ұйымдастырып, дайын өнімді жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды, кейіннен Ақтөбе қаласында сатуды ұйымдастырған", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, тінту кезінде жалған акциздік маркалары бар "Qazaq aragy", "Синяя гора" және "Немирофф" дайын алкоголь өнімі, жасанды өнімді буып-түюге арналған құрылғылар табылып, тәркіленген. Дерек бойынша соталды тергеу басталды.

Реклама
Реклама

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная