02 маусым 2022 | 16:39

Ақтөбе облысында қаржы жымқырған шенеунік сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында шенеунік 14 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды. Бұл қаражат ауданды сумен жабдықтауға бөлінген, - деп хабарлайды diapazon.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында шенеунік 14 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды. Бұл қаражат ауданды сумен жабдықтауға бөлінген, - деп хабарлайды diapazon.kz.

2019 жылғы қаңтарда Жәнібек Айдашев Темір ауданы ТКШ бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған. Бірақ жас шенеунік өз лауазымын бюджеттен ақша жымқыру мақсатында пайдаланған. Оған "Кеңқияқ-СК" КМК директоры Айгүл Советова мен ақтөбелік танысы Айдашева көмектескен.

2019-2020 жылдар аралығында Айдашев серіктестерімен бірге бюджеттен 14 миллион теңгеден аса қаражат жымқырған. 

Реклама
Реклама

Олар ұсталған әрі кінәсін мойындап, прокуратурамен процессуалдық келісім жасаған. 35 жастағы Жәнібек Айдашевты 2,5 жылға бас бостандығынан айырып, оған мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салды. КМК директоры 2 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ оның кішкентай баласы бар, сондықтан жаза екі жылдан кейін қолданылады. Олардың серіктесі 3 жылға бас бостандығынан шектелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная