ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 ақпан 2023 11:45
Ақтөбе облысында шекарадан заңсыз өтпек болған 4 шетелдік ұсталды - ҰҚК
Биыл 4 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысында Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтті деген күдікпен 4 шетелдік ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл адамдар 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған.
Алайда Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.
Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу