14 мамыр 2021 | 11:27

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері жазаланды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкері алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкері алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот 2019 жылғы шілдеде Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға офицері ЖШС иесін салықтар мен өсімпұлдарды азайту мәселесін реттеу үшін пара беруге итермелегенін және оның 60 миллион теңге сомасындағы ақшасын иемденгенін анықтаған.

"М-ның кінәсі жәбірленуші, куәгерлер айғағы, тергеу, жедел-іздестіру шаралары хаттамасымен, сот сараптама қорытындысымен расталады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұл ауыр қылмыс. ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігінің санкциясы - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Бұл аса ауыр қылмыс.

Сот шешімімен жаза тағайындау кезінде қызметкердің қабылдаған анттын бұзғаны ауырлататын жағдай деп танылды. Осыны ескере отырып, айыпталушы ең жоғары қауіпсіздік (қатаң режим - ескерт.) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыруға тағайындалды",- делінген сот хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Бұдан басқа, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная