Ақтөбе тұрғыны ойыншық тапаншамен микрокредиттік ұйымды тонап кетті

Камила Долаева Журналист

Ақтөбе қаласының тұрғыны қызметкерді ойыншық тапаншамен қорқытып, микрокредиттік ұйымды тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының тұрғыны қызметкерді ойыншық тапаншамен қорқытып, микрокредиттік ұйымды тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам микрокредиттік ұйымның кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 74 000 теңге ұрлап кеткен.

Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберіліп, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұсталған ер адам жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады.

Реклама
Реклама

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен ("Тонау") соталды тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, күдікті қолданған тапанша ойыншық екені анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама