ПОДЕЛИТЬСЯ
01 маусым 2022 | 06:35
Ақтөбе тұрғынына мәжбүрлеп несие алдырған күдікті ұсталды
19 жастағы Ақтөбе тұрғыны полицияға белгісіз біреу көшеде телефонды несиеге алуға мәжбүрлегенін айтып шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
19 жастағы Ақтөбе тұрғыны полицияға белгісіз біреу көшеде телефонды несиеге алуға мәжбүрлегенін айтып шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымы.
Полицияның мәліметінше, 24 сәуір күні Қонаев көшесіндегі сауда үйінің жанынан белгісіз адам жәбірленушіге күш қолданып қорқытып, құны 350 000 теңге тұратын смартфонды несиеге алып беруге мәжбүрлеген.
"21 жастағы күдіктіні ұсталды. Жас жігіттің осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также