Ақтөбе тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана тәркіленді

Фото: Polisia.kz

Ақтөбе тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтесе жасап.

Ақтөбе тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтесе жасап.

12 қаңтарда Ақтөбеде полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен гараж кооперативінің аумағынан 38 жастағы ер адамды ұстады.

"Қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып тінту жүргізу кезінде оның автокөлігінің салонынан ішіне өсімдік тектес зат салынған 2 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктінің гаражынан 1 орама пен 16 полиэтилен пакет табылды, олардың ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті заттар болды. Мәртөк ауданының аумағында орналасқан шаруа қожалығын санкцияланған тінту кезінде жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакет анықталды. Сараптама қорытындысы барлық тәркіленген заттың марихуана екенін көрсетті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 36 келі болады. Қара нарықтағы бағасы – 12 миллион теңге. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама