08 қаңтар 2023 09:26

Ақтөбеде 1,5 миллиард теңге салық төлеуден жалтарған компания басшысы анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Экономикалық тергеу департаменті "Ақтөбеэлектросетьстрой" ЖШС директоры Болат Көшкеновті 2015-2017 жылдар аралығында бір миллиард 491 миллион теңге сомасында салық төлемеді деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басылым мәліметінше, компания директоры кінәсін мойындамаған. Айыпталушы мемлекеттік сатып алумен жұмыс істеп, қосалқы мердігерлердің қызметіне жүгінгенін және жалған шот-фактураларды пайдаланбағын айтқан.

Бірақ, сот Болат Көшкеновті салық төлемегені үшін кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ, сот оны мемлекетке бір миллиард 491 миллион теңге көлемінде залалды өтеуге міндеттеген.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram