27 тамыз 2022 | 09:14

Ақтөбеде 17 мыңнан астам қазақстандықты алдаған қылмыстық топқа үкім шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

26 тамызда Ақтөбедегі атышулы қылмыстық іске нүкте қойылды. "Выгодный займ", "Гарант 24 ломбард", "Эстейт Ломбард", "Нур-Али Капитал" ЖШС-ін құрып, 17 мыңнан астам салымшының ақшасын алған қылмыстық топқа үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

26 тамызда Ақтөбедегі атышулы қылмыстық іске нүкте қойылды. "Выгодный займ", "Гарант 24 ломбард", "Эстейт Ломбард", "Нур-Али Капитал" ЖШС-ін құрып, 17 мыңнан астам салымшының ақшасын алған қылмыстық топқа үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 мыңнан астам қазақстандықты алдаған 48 айыпталушының соты бір жылдан аса уақытқа созылды. 48 сотталушының ісі 3 786 томнан тұрады. 

Іс материалына сүйенсек, Қылмыстық кодекстің "Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет", "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету", "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу", "Алаяқтық" баптары бойынша айып тағылды.

Реклама
Реклама

Сотталушы Ж.Есіркепов 2018 жылы Ақтөбе қаласында "Выгодный займ", "Гарант 24 ломбард", "Эстейт Ломбард", "Нур-Али Капитал" ЖШС-ін ашып, адамдардың сеніміне кіріп, ақша жымқырған. Салымшыларға 30 миллиард теңгеден аса шығын келтірген.

Сот отырысы кезінде сотталушылар Ж.Есіркепов, Н.Танбашев, А.Тойчиева өз кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушілерден кешіріп сұрады. Ал өзге сотталушылар кінәсін мойындамай, өздерінің жалдамалы жұмысшы екенін айтты.

"Ж.Есіркепов, Н.Танбашев айыпты деп танылып, түпкілікті 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін. Олар қаржы, коммерциялық ұйымдарда 10 жыл басқарушы қызметін атқара алмайды. Мүлкі тәркіленеді", - делінген хабарламада.

Сотталушының бәрі 10 жыл бойы қаржылық, коммерциялық ұйым басқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, бүгін сот үкімінің бір бөлігі ғана оқылды. №2 қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкім шамамен апта бойы оқылуы мүмкін. Келесі сот үкімі 31 тамыз күні жария етіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная