22 желтоқсан 2019 14:41

Ақтөбеде 21 жастағы жігітті өлтірген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Көрнекі сурет © pixabay.com

Ақтөбеде 21 жастағы жігітті өлтірген адам психика жағдайы нашар болғандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, - деп хабарлайды "Диапазон"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 21 жастағы жігітті өлтірген адам психика жағдайы нашар болғандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, - деп хабарлайды "Диапазон"

Басылым мәліметінше, қылмыс бойынша күдікті - 29 жастағы ақтөбелік. Енді ол психдиспансерде емделетін болады. 

Реклама
Реклама

Оқиға биыл 29 тамызда болған. Екі ер адам автобуста сөзге келісіп қалып, аялдамаға келгенде сыртқа шыққан. Жанжал барысында біреуі қарсыласын пышақтап, супермаркет маңындағы көше бойымен қашып кеткен. 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған. Пышақ оның жүрегі мен өкпесіне тиген. 

"Қылмыстық іс тоқтатылды. Медициналық шаралар қарқынды бақылаумен психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде шара тағайындалды", - деп мәлімдеген Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram