01 қыркүйек 2021 16:06

Ақтөбеде 6 мектепке "мина қойылды" деген хабар тексерілді

Дина Шарипханова Корреспондент

Ақтөбеде алты мектепке "мина қойылды" деген жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде алты мектепке "мина қойылды" деген жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласында 1 қыркүйекте сағат 8.30 шамасында №2 орта мектептің электрон мекенжайына алты мектепке (№1, 2, 21, 22, 51 және 56 орта мектеп) "мина қойылғаны" туралы хабарлама келген. Оқиға орнына барлық жедел қызмет пен саперлер тобы дереу жіберілген. Сондай-ақ, оқушылар, қызметкерлер мен мектептің техникалық қызметкерлері эвакуацияланған.

Реклама
Реклама

"Қазір хабарлама авторын анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы "Терроризм актісі туралы қасақана жалған хабарлау" іс қозғалған", - деді полиция өкілі.

Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram