Ақтөбеде адам өлтірді деп айыпталып, ауруханадан қашып кеткен күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Ақтөбедегі ауруханадан қашып кеткен күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі ауруханадан қашып кеткен күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дерек бойынша Ақтөбе облысының Полиция департаменті соталды тергеуді бастады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабы "Бас бостандығынан айыру орындарынан немесе қамаудан қашу"). Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деді Ақтөбе облысы ҚАЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, 23 қаңтарда таңертең Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде емделіп жатқан ер адам қамаудан қашып кеткені хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама