Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған директор ісінің жай-жапсары белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Өз үйінде әйелі мен қызына пышақ ала жүгірген мектеп директорының ісін Ақтөбе облысының прокуроры жеке бақылауына алды. Қадағалау органы 6 қазанға қараған түні Шалқар ауданында болған қанды оқиғаның жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жәбірленуші әйел де сол мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Прокурорлар қанды оқиға отбасылық жанжалдан басталғанын айтты.

"Жаңақоныс кентінің 37 жастағы мектеп директоры отбасындағы дауда педагог жұбайы мен өгей қызына пышақ қолдану арқылы бірнеше жерін жарақаттаған. Дене жарақаттары жеңіл. Жиналған дәлелдеме жиынтығымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылып, 24-баптың 2-бөлігі, 99-баптың 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған бала мен жүкті әйелді өлтіруге оқталу") бойынша соталды тергеу амалдары басталды"", - деді Ақтөбе облысы прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Темір Бекетов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама