07 қыркүйек 2022 | 11:20

Ақтөбеде банк менеджері 777 миллион теңгеден аса ақша жымқырған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде банктердің бірінің менеджері 777 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық №2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде банктердің бірінің менеджері 777 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық №2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот К. 01.07.2017-05.04.2021 аралығында алаяқтық жасады, яғни өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, С. АҚ банкінің ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың сенімін пайдалану немесе алдау жолымен 777 миллион теңгеден аса сома бөтеннің мүлкін ұрлағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Сот отырысында сотталушы келтірілген шығын мөлшерімен келіспей, өз кінәсін ішінара мойындаған. Сотталушының кінәсі сот-экономикалық сараптама, сондай-ақ қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді, деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Прокурор сотталушыны 10 жыл бойы банк саласында қызмет атқару құқығынсыз 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушының кішкентай баласы бар болғандықтан, сот жазаны жеңілдеткен. Менеджер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдағы 10 жылда банк секторында қызмет атқара алмайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная