ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2022 | 17:08
Ақтөбеде экс-әкім бас бостандығынан айырылды
Ақтөбеде бұрынғы әкім Абат Көбенов үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде бұрынғы әкім Абат Көбенов үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап.
Абат Көбенов 2020 жылы Ақтөбе қаласы әкімдігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеп жүріп, танысына жер телімін беремін деген желеумен оны алдап, одан 1 миллион 383 мың теңге алған. Танысы ақшаны шенеуніктің картасына аударған.
Салдарынан Абат Көбеновке қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс Ақтөбе қаласының қылмыстық сотында қаралды. Айыпталушының өзі кінәсін толық мойындады.
Сот Абат Көбеновті 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Еске салайық, Абат Көбенов биыл ақпан мен қыркүйек арасында Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарған болатын. Бұл қызметке дейін ол Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысында жеке кәсіпорындарда, аудан әкімі аппаратында басшылық қызметтерде болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также