28 маусым 2023 09:10

Ақтөбеде есірткі таратқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды

polisia.kz

Ақтөбеде есірткі таратқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде есірткі таратқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбеде 27 жастағы әйел мен 40 жастағы ер адамды ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптының екеуі де есірткіге мас күйде болған. Оларды жеке тінту, тұрғылықты жерін және есірткі қойған жерлерін тінту барысында жалпы салмағы 1,5 келі синтетикалық-психотроптық заттар тәркіленді.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2023 жылғы мамырда Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ерлі-зайыпты сату мақсатында аса ірі көлемде психотроптық заттарды сақтағаны мен тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram