27 мамыр 2022 | 12:35

Ақтөбеде есірткі зертханасын ашқан адамды ұстау сәтінің видеосы жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбе қаласының тұрғыны саяжайда есірткі зертханасын ашқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе қаласының тұрғыны саяжайда есірткі зертханасын ашқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы ПД мәліметінше, ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жылдам қимылдайтын жасақ қызметкерлерімен бірлесіп саяжай алаптарының бірінен қарасора өсімдіктерін өсіру және одан әрі өңдеп шығаратын есірткі зертханасын тапты.

Реклама
Реклама

Саяжай иесі қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсіргенін айтқан. Зертхана соңғы техникалық құралдармен жабдықталған. Күдікті тұқым мен техниканы интернет дүкендерден алғанын айтқан.

ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Тәркіленген зат салмағы 400 грамнан асады. Сараптама тағайындалды.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная