Ақтөбеде "Гарант 24 Ломбард" пирамидасына қатысты айыпталушылар үйқамаққа алынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: diapazon.kz

"Гарант 24 Ломбард" пирамидасына қатысты айыпталушылар үйқамаққа алынды. Ақтөбеде былтыр маусымда "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" және басқа да қаржы пирамидаларының айыпталушыларына қатысты сот басталған еді, - деп хабарлайды "Диапазон".

"Гарант 24 Ломбард" пирамидасына қатысты айыпталушылар үйқамаққа алынды. Ақтөбеде былтыр маусымда "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" және басқа да қаржы пирамидаларының айыпталушыларына қатысты сот басталған еді, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылым мәліметінше, қылмыстық істе 3786 том бар. Соттан барлығы 17 мың 268 жәбірленушіден жауап алуы керек. Сотталушылар саны - 48 адам, олардың 31-іне бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бірақ ҚІЖК нормалары бойынша, сот бұл бұлтартпау шарасын бір жылдан аса уақытқа ұзарта алмайды.

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, 9 маусымда сот 31 айыпталушыға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын үйқамаққа алуға өзгерту туралы қаулы қабылдады. Басқа облыстардан келген айыпталушылар үйіне бара алмайды. Олар сотқа қатысуы үшін Ақтөбеде үйқамақта болады. Уақытша баспананы үкімге дейін Ақтөбе облысының әкімдігі қамтамасыз етуі тиіс.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2020 жылғы ақпанда Ақтөбеде бірқатар ақтөбелік компанияның кеңселерінде ауқымды тінту жүргізілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная