25 сәуір 2020 | 12:28

Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

Ақтөбеде 56 жастағы әйел карантин кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде 56 жастағы әйел карантин кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Whats App мессенджерінде жалған ақпарат таратқан 56 жастағы Ақтөбедегі қоғамдық көлік тасымалдау компаниясының бір қызметкерін анықтады.

Реклама
Реклама

"Аудио жазбада әйел Ресей Федерациясының шекарасынан Ақтөбеге автобустармен 500 адамды әкелгені туралы, ал бүгін бір топ студент келетінін және КВИ-мен ауыратындардың саны статистика бойынша әлдеқайда көп және ауруханалар толып отыр деген ақпарат таратқан. Алайда, бұл шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

24 сәуірде әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 40 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан жалған ақпарат таратпауды жане тек ресми дерек көздеріне сенуді сұрайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная