10 сәуір 2023 | 09:10

Ақтөбеде жалған құжат жасаған колледж директоры сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбеде колледж директоры жалған құжат жасағаны үшін сотталды. Ол сыныптасына мектеп аспаздарының біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы сертификаттар жасап, жұмысы үшін 14 мың теңге алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде колледж директоры жалған құжат жасағаны үшін сотталды. Ол сыныптасына мектеп аспаздарының біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы сертификаттар жасап, жұмысы үшін 14 мың теңге алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала мектептерінің бірінің аспазы қажетті құжаттарды рәсімдеуге сыныптасының көмегіне жүгінген. Ол оқу орнының басшылығы оларды біліктілікті арттыру курстарына жіберуге мәжбүрлеп жатқанын айтқан.

Колледж директоры оған "Мектеп оқушыларын тамақтандырудың заманауи технологиялары" тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат жасап беруге уәде берген, оған қоса шын мәнінде сабаққа барудың қажеті жоқ деп түсіндірген. Сыныптасы мен оның әріптесіне өзінің компьютерінен екі сертификатты шығарып, қолын қойып 14 мың теңге алған.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде, 60 жастағы колледж директорының айла-амалдары әшкереленіп, оған алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот оның куәліктерінің нысаны заңды, бірақ мазмұны бойынша жалған екенін анықтады.

Оның өзі сотта өз кінәсін мойындады. Сот сотталушыға 140 мың теңге айыппұл салды. Сот үкімімен ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная