ПОДЕЛИТЬСЯ
10 тамыз 2020 | 14:50
Ақтөбеде жанармай бекетіне шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалған
Ақтөбе маңындағы жанармай бекетіне шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе маңындағы жанармай бекетіне шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 30 шілдеде шамамаен түнгі сағат 3-те болған.
"Күдікті кассаға келіп, сатушыны пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Күзетші күдіктіге қарсы шыққанмен, шабуылдаушы оны итеріп, қашып кеткен", - деп хабарлады полиция өкілі.
Тәртіп сақшылары 22 жастағы күдіктіні анықтап, бірнеше күннен кейін ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Пышақ тәркіленді.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті Ақтөбе ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также