10 маусым 2020 16:18

Ақтөбеде "жатақханада бомба бар" деп хабарлаған ер адам қамауға алынды

Ақтөбеде "жатақханада бомба бар" деп жалған ақпарат таратқан ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде "жатақханада бомба бар" деп жалған ақпарат таратқан ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, 9 маусымда 16.31-де Ақтөбе қаласының ПБ 102 телефонына белгісіз ер адамнан Гришин көшесіндегі шағын отбасылық жатақхана бөлмелерінің бірінде бомба тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және шұғыл қызметтер жіберілді. Жатақхананы жан-жағынан қоршап, саперлер көрсетілген бөлмені тексерді, алайда жарылыс қаупі бар зат табылмаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын сотталған, сол үйдің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол сол кезде күйде болған. Оның айтуынша, бұл ақпаратты полиция тәртіп сақшыларының жұмысын тексеру үшін хабарлағанын айтқан.

Осы жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (терроризм актісі туралы жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram