ПОДЕЛИТЬСЯ
05 желтоқсан 2019 | 17:14
Ақтөбеде жеті адамды алдаған алаяқ әйел ұсталды
Ақтөбеде жеті адамды алдаған әйел қамауда отыр, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде жеті адамды алдаған әйел қамауда отыр, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін алып беруге уәде берген. Алданған тұрғын 150 мың теңге беріп жіберген.
"Сондай-ақ, жоғары оқу орнының 3-курс студенті ақысыз білім алу үшін 700 мың теңгесін алаяққа ұстатты. Ол қазір ақылы бөлімде білім алып жүр. Қазір жеті дерекке қатысты тергеу басталды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство мәліметінше, күдікті уақытша тергеу изоляторында.
Показать комментарии
Читайте также