28 ақпан 2023 | 09:12

Ақтөбеде жоғалып кеткен облыс әкімдігі қызметкері өлі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбеде жоғалып кеткен облыс әкімдігі қызметкерінің денесі табылды. 46 жастағы әйелді такси жүргізушісі пышақтап өлтіріпті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде жоғалып кеткен облыс әкімдігі қызметкерінің денесі табылды. 46 жастағы әйелді такси жүргізушісі пышақтап өлтіріпті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жанна Мұратқалиеваның жоғалып кеткенін айтып жақындары осыдан үш күн бұрын іздеу жариялаған. Кейін ол отырған көліктің иесі ұсталды. Мәдениет басқармасы бас маманының мәйіті сол көліктен табылған. 29 жастағы күдікті оны аяусыз ұрып-соғып, пышақтапты. Қазір ол қамауда отыр. Ал мұндай жауыздыққа неліктен барғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

"Көлігінде пышақпен жарақаттаған зорлық белгілері бар. Жоғалған әйелдің мәйіті табылды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, кісі өлтіру бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды", - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная