Ақтөбеде қалта ұрысының әрекеті видеоға түсіп қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© diapazon.kz

Белгісіз біреу 10 наурызда таңертең Ақтөбеде "Теміржол вокзалы" аялдамасынан №2 автобусқа мінген кезде кәмелетке толмаған қыздың күртешесінен ОРРО ұялы телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қалта ұрлығы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Реклама
Реклама

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында Ақтөбеде 15 қалта ұрлығы дерегі тіркелген. Оның бесеуі анықталған, 10 қылмыс әлі ашылмаған.

Өткізілген іс-шаралар барысында қалалық полиция бөлімдеріне "қалта ұрысы" бойынша арнайы есепте тұрған 19 адам жеткізіліп, олармен профилактикалық сұхбат жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама