27 қараша 2021 | 14:26

Ақтөбеде күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткен

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткен. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі ол бір сағат ішінде ұсталғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткен. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі ол бір сағат ішінде ұсталғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті 24 қарашада қашқан. 

"Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД тергеу изоляторында ҚК-нің 120-бабы ("Зорлау") бойынша тергеуге алынған күдікті қашып кетті. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен адамды мекеме орналасқан ауданда бір сағат ішінде ұстады", - деді департамент өкілдері.

Реклама
Реклама

Енді күдіктінің жазасы ауырлайды - бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 426-бабына ("Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу") сәйкес соталды тергеу басталды.

"Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін ҚАЖ комитеті қызметтік тексеру тағайындады, соның нәтижесі бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданады", - деп хабарлады департаменттегілер.

Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная