07 желтоқсан 2021 | 12:43

Ақтөбеде медбике жалған екпе құжатын жасаумен айналысқан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбеде медбике COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың тізіміне 67 адамның мәліметтерін заңсыз енгізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде медбике COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың тізіміне 67 адамның мәліметтерін заңсыз енгізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, медбике Ақтөбедегі емханалардың бірінде жұмыс істейді.

"Ол ақпараттық жүйеге қол жеткізе алатын қызметтік жағдайын пайдаланып, COVID-19-ға қарсы екпе алғандар туралы мәліметке іс жүзінде екпе алмаған 67 адамның тізімін енгізген", - деді полиция.

Реклама
Реклама

Ұсталған азаматша әрбір жалған құжат үшін 15 000 теңгеден алғанын мойындады.

Қылмыстық кодекстің 385-бабының 2-бөлігі "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланктерді, мемлекеттік пошта белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау немесе өткізу" және 247-бабының 1, 2-бөлігі "Заңсыз сыйақы алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс сотқа жіберілді.

Полицейлер заңсыз сыйақы алу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная