31 желтоқсан 2019 17:09

Ақтөбеде мейрамханада төбелес шығарғандар мемқызметкерлер емес - Облыстық ПД басшысы

Видеодан үзінді

Ақтөбеде жаңа жылдық кешке барып, мейрамханада төбелес шығарғандарға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz  тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жаңа жылдық кешке барып, мейрамханада төбелес шығарғандарға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz  тілшісі.

Облыстың бас полицейі желіде "шенеуніктер" деп тараған видеоға пікір білдірді. 

Реклама
Реклама

"Оқиға 25 желтоқсан күні түнде қаладағы мейрамханалардың бірінде тіркелді. Жанжал жаңа жылды тойлап жүрген мекемелер арасында​ болған. Қазіргі таңда төбелес бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен іс қозғалды. Күдікті екі адам қамауда. Төбелес жасағандар дүкен және жеке компания қызметкерлері. Ол жерде ешқандай мемлекеттік қызметкерлер болмаған. Дене жарақатын алғандар бар. Бірақ ауруханаға ешкім жатқан жоқ",-деді облыстық ПД-нің бастығы Атығай Арыстанов.

Қамауға алынған күдіктілердің екеуі де бұрын сотталмаған.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтөбе мейрамханаларының бірінде болған төбелестің видеосы тараған. Сол күні жаңажылдық корпоративте төбелескендер - мемлекеттік қызметкерлер делінген еді. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram