ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2018 | 09:19
Ақтөбеде оқушы қыз сабақ үстінде қайтыс болды. "Жедел жәрдем 18 рет шақыртылған, бірақ келмеген"
Ақтөбедегі №38 мектепте оқитын он жастағы оқушы Дильназ Әбішева қайтыс болды. Қыз сабақ үстінде әлсіреп кеткен. Мұғалімдер жедел жәрдемге 18 рет қоңырау шалса да келме қойған. Ересектер көшеден жедел жәрдем машинасын тоқтатып алыты. Амал не, қыз аурухаға жеткізілген кезде қайтыс болды, - деп жазады "Диапазон".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбедегі №38 мектепте оқитын он жастағы оқушы Дильназ Әбішева қайтыс болды. Қыз сабақ үстінде әлсіреп кеткен. Мұғалімдер жедел жәрдемге 18 рет қоңырау шалса да келме қойған. Ересектер көшеден жедел жәрдем машинасын тоқтатып алыты. Амал не, қыз аурухаға жеткізілген кезде қайтыс болды, - деп жазады "Диапазон".
Қайғылы оқиға күні таңғы уақытта бесінші сынып оқушысы әдеттегідей мектепке жиналған.
"Екінші ауысымда болған, қыз бесінші сабақта әлсіреп қалған. Жедел жәрдемді 18 рет шақырттық! Келмей қойды, мұғалімдер көшеден жедел жәрдем көлігін тоқтатып алды. Алайда қыз қайтыс бодлы. Сөйтсек, ол ауырып жүрген екен. Мұндай жағдай бір рет сыныпта болған. Дәрігер оған шай мен су беріп, үйіне жіберген. Гемоглобин төмендеген, жүрек ұстамасы болған. Мұғалімдер болып отбасына материалдық көмек көрсеттік. Басқа қолдан не келеді? Өте өкінішті. Дильназ өте сабырлы еді, үлгерімі орташа еді. Шешесін шақырттық, медбике алғашқы көмек көрсетті. Қолымыздан келгенді жасадық, алайда өмірін аман алып қала алмадық", - деді мектеп директорының орынбасары Бимаш Тілеубергенова.
Алдын ала нұсқа бойынша, өлім себебі - жүрегінің тоқтап қалуы. Дильназдың анасының айтуынша, қыз ешқашан да ауырдым деп айтпаған. Ал таяуда тіпті комиссиядан өтіп, дәрігерлер оның бойынан күмәнді ештеңені де байқамаған. Ата-анасы енді бір ай ішінде өткізілетін сараптама қорытындысын күтіп отыр.
"Дильназ әкесін емдегенді жақсы көретін, дәрігер болуды армандады, - деп жылады қыздың анасы Зәуреш. - Ауырып жүр дегені өтірік. Денсаулығы ешқашан сыр берген емес. Емханада картасын аштық, олар қызымның неден қайтыс болғанын да білмейді. Сарапшылар барлық органы сау болған дегенді айтты. Кенеттен жүрегі тоқтап қалған. Ал нақы себебін Алматыдағы сараптамадан белгілі болады. Сол күні маған орыс тілінен сабақ беретін мұғалімі хабарласып, Дильназдың әлсіреп жатқанын айтты. Жұмыстан мектепке жүгіріп келіп, төртінші қабатқа көтерілдім. Балалар дәлізде жүр екен. Менің көзімше медбике қызыма жасанды тыныс алдыру жасады. Ол дем шығарды, соған қуанып кеткен едім, ауруханада реаниматолог қайтыс болды деді. Біз білмедік. Жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жеткіздік, бірақ ол жақтағылар кеш алып келдіңіздер деді".
Показать комментарии
Читайте также