24 ақпан 2021 | 09:32

Ақтөбеде оқушы қызға АИТВ жұқтырған 41 жастағы ер адам сотталды

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Ақтөбе соты 41 жастағы азаматқа кәмелетке толмаған қызбен қарым-қатынаста болғаны үшін үкім шығарды. Оның үстіне ер адам 15 жастағы қызға АИТВ  жұқтырған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе соты 41 жастағы азаматқа кәмелетке толмаған қызбен қарым-қатынаста болғаны үшін үкім шығарды. Оның үстіне ер адам 15 жастағы қызға АИТВ  жұқтырған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Тергеу барысында айыпталушы ауруы туралы білген, сонда да екі жыл бойы жәбірленушімен жыныстық қатынаста болғаны анықталды. Қылмыстық іс бірден екі бап бойынша қозғалды. Жабық сот отырысы кезінде ер адам өз кінәсін толығымен мойындады.

"Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабы, 3-бөлігі, 122-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-түзету мекемелерінде 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жетекші маманы Жұлдыз Сайманова.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная