04 желтоқсан 2020 12:40

Ақтөбеде өзбекстандық ірі көлемдегі есірткімен ұсталды

Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде өзбекстандық ірі көлемдегі есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде өзбекстандық ірі көлемдегі есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 25 қарашада ақтөбелік полицейлер Mitsubishi Galant маркалы автокөлікті тоқтатқан. Онда 33 жастағы жолаушы Өзбекстан Республикасының азаматынан жалпы салмағы екі келіден асатын марихуана есірткі заты бар пакетті тәркіледі.

Реклама
Реклама

Уақытша тұрғылықты жері бойынша санкцияланбаған тінту барысында одан жазғы асүйде тұрған көлік шиналарының ішінен скотчпен желімделген бір пакет табылып, тәркіленді. Оның ішінде салмағы сегіз келіден асатын марихуана есірткі заты болған.

"Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы ("Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған ер адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram