15 тамыз 2019 | 09:34

Ақтөбеде пошта қызметкері зейнеткерлердің ақшасын жымқырған

Видео кадры

Ақтөбеде пошта қызметкері зейнеткерлер мен жәрдемақы алатын жұрттың банк картасындағы ақшасын жымқырған, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде пошта қызметкері зейнеткерлер мен жәрдемақы алатын жұрттың банк картасындағы ақшасын жымқырған, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

"Қазпошта" қызметкері айласын жасыру үшін әркімнің картасынан әртүрлі соманы шешіп алып отырыпты. Зейнетақыларының ұрланып жатқанын тұрғындар бірден байқамаған. Алты ай өткенде барып сан соққандарын түсініпті.

Реклама
Реклама

Ұрының құрығына негізінен зейнеткерлер мен әлеуметтік жәрдемақы алатын қарапайым тұрғындар түскен. Азын-аулақ тиын-тебенді жұмсамай, картамызға жинап жүргенде, қалай сан соғып қалғанымызды білмедік деп отыр. Енді оны өндіру үшін шалғайдағы ауылдан сотқа қатысу үшін күнде Ақтөбеге қатынау зейнеткерлерге оңай болмай тұр.

"Сүйретіліп жүрмін. Менің 100 мың теңгедей ақшам кетті. Бірінші 1000 теңге алды дейді, сотта айтты. Сосын барып 40 мың, содан кейін 100 мың, артынан қалған 5-6 мың бар еді, оны да алып кеткен", - дейді Қобда ауданының тұрғыны Николай Кенегесов. 

"Қазпошта" қызметкері 21 адамның сыртынан құжат дайындап, карточкаларының көшірмесін жасатқан. Бас-аяғы үш жарым миллион теңгені ұрлапты.

"Алматыға телнұсқа жасауға сұраныс жібердім, сол арқылы алдым дейді. Бимұратова Әсел 197 мың теңге түсіріп алған. Наурызда картамнан ақша алуға барсам, жоқ ақша. Содан білдім", - дейді Зина Қарабасова. 

Істі болған қызметкер "Қазпоштаның" Ақтөбедегі бөлімшесінде карта бөлімінде жұмыс істеген. Қызметке келгеніне де көп болмапты, небәрі 1 жыл ғана еңбек еткен. Басшылық оның қулық-сұмдығынан хабарсыз болғанын айтады. Ұрлығы әшкере болғанша келіншек жұмыстан кетіп қалған екен. Пошта басшылығы ұрлаған ақшаны өзі қайтарсын, біздің еш қатысымыз жоқ деп отыр.

"Өзі сондай қылмысқа барған. Экспресс карта ашқан. Қазір сот процесі болып жатыр. Соттан кейін айта аламыз. Бәріне қолхат берді. Өзінің кінәсін мойындады", - дейді "Қазпошта" АҚ Ақтөбе филиалы қауіпсіздік бөлімінің басшысы Тасболат Тілеумағанбетов. 

Сотта күдікті ұрлыққа мұқтаждықтан бардым деп ақталыпты. Қандай жаза арқалайтынын судья шешеді. Зардап шеккендер қартайғанда бізді сандалтпай, мекемедегілер өз ақшамызды қайтарып берсе деп отыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная