27 мамыр 2021 12:02

Ақтөбеде шетелдік жарты жылда жол ережесін 147 рет бұзған

Фото: elements.envato.com

Өзбекстан азаматы Қазақстанда жол ережесін 147 рет бұзған. Ер адам ресейлік нөмір тағылған көлікпен жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция мәліметі бойынша, шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхаты болған. Ол ресейлік есептегі ВАЗ-21099 автокөлігімен жүрген. Жыл басынан бері жүргізуші 147 рет жол ережесін бұзған.

"Қала жолдарында жүргізуші асыққан жылдамдықпен 146 рет ереже бұзып, бір рет бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен. Айыппұлдың жалпы сомасы 3,39 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полицейлер материалдарды жинап, шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram