06 ақпан 2020 17:43

Ақтөбеде студенттер төбелесті

Иллюстрациялық сурет. видеодан үзінді

Ақтөбеде студенттер арасында төбелес шықты. Зардап шеккен адам бар, ол пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде студенттер арасында төбелес шықты. Зардап шеккен адам бар, ол пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үш не төрт (нақты қанша адам төбелескені тексеріліп жатыр) студент арасындағы жанжал биыл 5 ақпанда Жұбанов атындағы АӨМУ жатақханасының артында болған. Төбелес кезінде 19 жастағы студент пышақ жарақатын алды. Ол Ақтөбе қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген. Полицейлер жанжалдасқан жігіттердің бірін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта пышақ жарақатын салған адамның кім екені анықталып жатыр, содан кейін оны ұстау шаралары жүргізіледі. 

Реклама
Реклама

Осы дерекке қатысты "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - делінген хабарламада. 

 
ПД өкілдері жатақханада не жалдамалы пәтерде тұратын студенттердің ата-анасына балаларын қадағалауды сұрады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram