ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2022 | 17:56
Ақтөбеде трансұлттық ҰҚТ мүшесі ұсталды
Көліктегі есірткі Полиция департаменті есірткі өндіру және сатумен айналысқан Ақтөбенің 30 жастағы тұрғынын ұстап, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Көліктегі есірткі Полиция департаменті есірткі өндіру және сатумен айналысқан Ақтөбенің 30 жастағы тұрғынын ұстап, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұған дейін 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында бірқатар ірі деректер анықталды. Соның ішінде 25 келіден аса есірткі және оларды жасауға арналған 3,5 тонна прекурсорлар тәркіленген еді. Бес ірі есірткі зертханасы жойылды, олардың екеуі Қарағанды облысында, ал Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар, Ақмола облыстарында бір-бірден жұмыс істеген.
Арнайы операция барысында трансұлттық ҰҚТ-ның ұйымдастырушысы мен алты қатысушысы ұсталды. Олар мефедронды Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де жасап, сатқан", - делінген хабарламада.
Полиция қылмыстық топтың әрбір қатысушысы өзіне бекітілген есірткі сату аумағына жетекшілік еткенін, сондай-ақ, заттарды тасымалдау, дайындау және сақтау сияқты белгілі бір міндеттерді орындағанын түсіндірді. Төртеуі Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағандыда психотропты заттарды дайындаумен және өткізумен айналысты. Олардың бірі өз қызметін Ресей мен Грузия аумағында жүзеге асырды.
Тергеу барысында халықаралық қылмыстық байланыстар анықталып, ҚР ҚК-нің 264-бабы (Трансұлттық қылмыстық топты құру және оған басшылық ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы ҰҚТ-ға есірткі сатуға байланысты сегіз қылмыстық іс қозғалды.
"Жаңажылдық мерекелер қарсаңында Қарағанды қаласында есірткі өндіру үшін прекурсорларды жіберумен айналысқан тағы бір ҰҚТ қатысушысы ұсталды. Жедел уәкілдер ол жалға алған гаражда Альфа-PVP жасау үшін қолданылатын химиялық заттар - прекурсорлар құйылған алты 30 литрлік бөшкелерді тәркіледі.
Үй жағдайында синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды. Ұстау кезінде одан синтетиканың бес бір реттік дозасы, ал тұрғылықты жері бойынша тағы сегіз есірткі түйіні тәркіленді. Сонымен қатар, қаланың әр жерінде тапсырыс бойынша тапсырыс берушілер үшін дайындалған 55 жасырылған түйін тәркіленді. Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы бір килограмға жуық есірткі екені анықталды", - деді департамент өкілі.
Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық "синтетика" болып шықты. Есірткі өндіру дерегін көрсететін заттай дәлелдемелер тәркіленді.
"Осылайша, кезекті жасырын есірткі зертханасы жойылды. Ішкі істер министрлігі синтетикалық есірткі айналымына қарсы іс-қимыл тиімділігін арттыру бойынша бірқатар мақсатты шараны жүзеге асырып жатыр", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также