29 сәуір 2021 | 08:57

Ақтөбеде үйлердің бірінде әйел адамды ұрып тастаған күдікті ұсталды

Видео кадры

Ақтөбелік полицейлер үй кіреберісінде әйел адамды ұрып тастаған 33 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбелік полицейлер үй кіреберісінде әйел адамды ұрып тастаған 33 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 26 сәуірде сағат 16:30 шамасында болған. Белгісіз ер адам Ақтөбедегі №12 ықшамаудандағы үйлердің бірінде әйел адамның артынан келіп, жерге құлатып, ұрып тастаған.  

Реклама
Реклама

"Ақтөбе ҚПБ №2 қалалық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жедел шаралар өткізіп, сол ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын қарап, нәтижесінде күдікті анықтап, ұстады. Ол Хромтау ауданының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті сол күні мас күйде болғанын және ештеңе есінде жоғын айтты", - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная