Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде 2,5 миллион теңге салынған сөмке қолды болды

© pexels.com

15 желтоқсанда Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде бірнеше миллион теңге салынған сөмке қолды болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 желтоқсанда Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде бірнеше миллион теңге салынған сөмке қолды болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 жастағы жәбірленуші 102-ге сағат 15.55-те хабарласып, белгісіз ер адам сөмкесін ұрлап кеткенін айтқан. Ол патрульдік полиция жасағына сөмкеде 4,1 мың АҚШ доллары мен 824 мың теңге болғанын айтқан. Жалпы шығын - 2,5 миллион теңге. 

"Қабылданған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қылмыс жасалғаннан кейін Орал қаласына кетіп қалған. Жедел түрде көрші облысқа жедел уәкілдер шығып, Орал қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді", - дейді ПД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабына сәйкес Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама