Ақтөбелік 16 жастағы хакер WhatsApp арқылы емдеуге жиналған қаражатты ұрлаған

Ақтөбелік 16 жастағы хакер науқас баланың еміне жиналған банк есеп шотынан 790 мың теңге ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоғарғы сыныпта оқитын оқушы ұсталды. 

Ақтөбелік 16 жастағы хакер науқас баланың еміне жиналған банк есеп шотынан 790 мың теңге ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоғарғы сыныпта оқитын оқушы ұсталды. 

Наурызда Ақтөбе тұрғыны белгісіз біреудің (балаға ота жасау үшін жиналған) банк есеп шотынан 790 000 теңге ұрлап кеткенін айтқан. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған. 

Реклама
Реклама

"Зардап шеккен бала - жастайынан мүгедек. Санкт-Петербург қаласындағы клиникада қымбат ота жасау үшін әйел жұртшылықтан әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап, өзінің жеке мағлұматтары мен банк картасының нөмірін жазған. Криминалдық полиция қызметкерлері осы бағытта тергеу шараларын өткізіп, желтоқсанда Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқитын 16 жастағы оқушыны ұстады", - делінген полицияның хабарламасында. 

Күдікті WhatsApp мессенджерімен хат алмасу кезінде әйелдің ұялы телефонына компьютерлік зиянды бағдарламалары бар электронды сілтеме жіберген. Ары қарай ақпараттық жүйеге кіру мүмкіндігіне ие болған ол паролін анықтап, жеке кабинеткен кіріп, қаражаттың біршама бөлігін ойын аккаунттарына аударған, ал қалған жартысына Bitcoin сатып алған. 

"Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр, оның басқа да осындай істерге қатысы бар-жоғы тексеріледі. Осы дерекке қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Айдос Қосыбаев
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная