22 желтоқсан 2019 | 09:18

Ақтөбелік қыздың өлімі: "Сүйіктісі алдап пәтерге шақырып, тұншықтырып тастаған"

© aktobetimes.kz

Ақтөбенің арнайы ауданаралық қылмыстық сотында Ахмет Жұбанов атындағы университет түлегі, 22 жастағы Әсем Эльбрусованың өліміне қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды "Рика" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбенің арнайы ауданаралық қылмыстық сотында Ахмет Жұбанов атындағы университет түлегі, 22 жастағы Әсем Эльбрусованың өліміне қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды "Рика" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Әсем психология бөлімін аяқтаған. Ол бір жарым жылдай жігітпен кездесіп жүрген. 2019 жылы тамызда сүйіктісі Әсемге ұсыныс жасап, ата-анасымен таныстырамын деп алдап пәтеріне шақырған. Ол жалдамалы пәтерде қызды тұншықтырып, оның денесін үйде бір күннен аса уақыт ұстаған. 

Реклама
Реклама

Іс материалдары бойынша, күдікті - Әсемнің сүйіктісі Бақыт Орынбасаров. Сот отырысының басында прокурор қылмыс фабуласын айтып берген. Прокурордың сөзінше, өлім себебі қызғаныштан болған екен.

"Тағы бір нұсқа бойынша, Әсем сүйіктісіне ескертпей түсік жасатқаны себеп болған. Ер адам өзінің кінәсін толық мойындады. Қылмыс жасағаны үшін күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.  

Ал "Ақтөбе Таймс" мәліметінше, Әсем - үйдегі жалғыз бала болған. Осы уақытқа дейін күдіктінің туыстары оның ата-анасынан кешірім сұрап келмеген екен.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная