Алакөлде екі рет зорлық үшін сотталған ер адам қайтадан 17 жастағы қызға тиіскен

Алматы облысыны? т?р?ыны зорлау?а к?дікті ретінде ?шінші рет ?сталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сідтеме жасап. 

Алматы облысының тұрғыны зорлауға күдікті ретінде үшінші рет ұсталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сідтеме жасап. 

Алакөл ауданының полицейлері кәмелетке толмаған қызды зорлауға күдікті 30 жастағы ер адамды ұстаған. 17 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Алматы облысының туыстарының үйіне қонаққа келген. 

"Күдіктіні тексеру кезінде оның мұның алдында да бірнеше рет осы тектес қылмыс үшін істі болғаны анықталды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Полицияның мәліметі бойынша, 2013 жылы ер адам 2013 жылы тонау мен зорлық үшін сотталған. 2017 жылдың көктемінде ер адам тағы да зорлық үшін ұсталған, алайда, тараптардың келісімге келуіне байланысты босатылған болатын. 

"Соңғы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде күдіктіге бұлтарпау шарасы таңдалып жатыр", - дейді полицейлер. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама