14 шілде 2022 | 09:28

Алакөлде ер адам демалушыларға шабуылдаған: 8 жастағы қыз зардап шекті

Фото Instagram.com / @dinatansari

Алакөл жағалауында белгісіз ер адам балалы отбасыға тас лақтырған. Шабуыл салдарынан 8 жастағы қыз зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алакөл жағалауында белгісіз ер адам балалы отбасыға тас лақтырған. Шабуыл салдарынан 8 жастағы қыз зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға пансионатты іздеу кезінде болған. Ерлі-зайыпты балаларымен Алакөл жағасынан демалыс аймағын іздеген.

Алакөл ауданы, Ақши ауылында белгісіз ер адам олардың көлігіне тас лақтырған. Шабуыл салдарынан көлікке зақым келіп, 8 жастағы қызы ауыр жарақат алған.

Реклама
Реклама

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында демалушылардың бірі ұсталды, ол - Жаркенттің 28 жастағы тұрғыны. Ер адам мас күйде болғанын айтты. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалып, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біраз уақыт құқық бұзушыға қатысты тергеу барысында процестік мәжбүрлеу шарасы – келу міндеттемесі таңдалды", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Қазір қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, дәрігерлер бақылауына алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная