24 қазан 2019 11:40

Алауыздықты қоздырды деп айыпталған Манас Бистаев 5 жылға сотталды

Алматылық Манас Бистаев алауыздықты қоздыру видеосы үшін сотталды. Алдағы бес жылын ол абақтыда өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық Манас Бистаев алауыздықты қоздыру видеосы үшін сотталды. Алдағы бес жылын ол абақтыда өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының сотына сілтеме жасап.

Алматының Әуезов аудандық соты жария түрде ұлттық алауыздықты қоздырып, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланды деп айыпталған Манас Бистаевқа қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады. 

Реклама
Реклама

"Сот барысында Манас Бистаевтың 2019 жылы қаңтардың 22-27 аралығында әлеуметтік желі арқылы монологтар жариялаған, онда сот психо-филологиялық сарапшыларының қорытындысы бойынша ұлтаралық алауыздықты, алауыздықты, сондай-ақ азаматтардың ар-намысына нұқсан келтіретін сөздер айтқаны дәлелденді. Сот отырысында Манас Бистаев видеода айтқандарын жоққа шығармады және шағымданбады, қылмыстық іске біле тұра барды деген кінәсін ішінара мойындады", - делінген сот хабарламасында. 

Бистаев бес жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесі төтенше қауіпсіздік мекемелерінде өтейтін болады. 

"Оның қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдетуге екі себеп бар, оның екі кәмелетке толмаған балаларының болуы және денсаулық жағдай. Жазаны ауырлатуға - қылмыстың салдары, бұрындары ол екі рет сотталған және тағы бір рет ауыр қылмыс жасаған", - деді сот өкілдері. 

Сот заңды күшіне енген жоқ. 

Айта кетейік, Бистаев өз монологтарын әлеуметтік желі арқылы таратқан. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша айып тағылған еді. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram