Алаяқ бес жасар баланың телефонын 1000 теңгеге сатып алған

© elements.envato.com

Түркістанда алаяқ 5 жасар баланың қымбат телефонын мың теңгеге сатып алған. Одан бөлек, алаяқ бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін іздеу салынғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістанда алаяқ 5 жасар баланың қымбат телефонын мың теңгеге сатып алған. Одан бөлек, алаяқ бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін іздеу салынғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің сөзінше, оның үйіне белгісіз ер адам келіп, бес жасар балаға 1000 теңге ұстатып, ұялы телефонын алып кеткен. Түркістандыққа келтірілген шығын мөлшері - 150 мың теңге. 

"Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша тіркелді. Жедел іздеу шараларының нәтижесінде Түркістанның Полиция басқармасы бірнеше сағаттың ішінде күдіктіні ұстады, ол - Қызылорда облысының тұрғыны. Қолды болған телефон иесіне қайтарылды. Күдіктіге бұған дейін де көрші облыстарда төрт пәтерді тонағаны үшін іздеу салынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары айыптау актімен бірге сотқа жіберілді", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная